🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾🌾
ƏЙЕЛ, ƏЙЕЛ....
Қисық кетсе түңлігіңді түзетіп,
Сəл ауырсаң.. табаныңнан сыз өтіп.
Əйел ғана, маңайыңнан шықпайды,
Шыр- шыр етіп, кірпік ілмей күзетіп..
Əйелменен уығыңыз шаншылар ,
Оған арнап өлең шығар, əн шығар.
Ағайының аулақ салса іргесін ,
Сол жан ғана, намысыңды қамшылар.
Əйел барда.. Отаныңда от түзу ,
Ол жоқ жерде..береке жоқ, жоқ қызу.
Мойындағың келмесе де, білесің..
Ғасырға тең онсыз күнді өткізу..
Əйел, əйел тамағың һəм ошағың,
Əйел - жартың..Құдай қосқан қосағың.
Жанарынан шуақ төгіп қараса,
Өн бойыңды аралайды от- ағын..
Əйел - тылсым, құпиясын аштың ба ,
Əйел табар..тілін қара тастыңда.
"Пірімсің" деп, құрметтейтін дəл сондай,
Адамзат жоқ.. көк аспанның астында.!
Əйел- ана, өкпеңді де көтерер,
Құрмет көрсет..бір қарызың өтелер.
Өмір бойы күтушің де сол жандар,
Көңілімен көк тіреген, көкелер!
Əйел саған..абыройың, əрі айна,
Көңіліне қаяу салма..абайла.!
Олар ердің мейіріміне ынтызар,
Тұрса дағы, айдан соққан сарайда.!
Жар етуге келсең егер , жігітім..
Ойланып кел.!
Оған дейін ..Əрі ойна.!
МЕХНАТ ТЕМІРТАСҚЫЗЫ ДҮНИЙ